4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
1992 жылғы маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер - ту, елтаңба және әнұран туған күн ретінде мәңгі сақталады.
Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 4 маусымда республикада Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Қазақстандықтарды осы маңызды мерекемен құттықтаймыз!